Самородовтың ойынын көруге келген

05.05.2024, 22:31

“Ақтөбе” мен “Астана” арасындағы ҚПЛ 7-туры ойынын Түркиядан арнайы келген скауттар тобы тамашалаған екен. 

Самородовтың ойынын көруге келген

Премьер-лиганың осы маусымында Самородов 5 ойында 4 гол мен 1 голдық пас берді. Осы бір нәтижелелерді негізге алған футбол мамандары жас ойыншының әлеуетін бақылап қайтқан екен.

Максимге бұған дейін аустриялық “Рапид” пен итальяндық “Торино” ұжымы қызыққан болатын. Алайда аталған командалар ойыншымызға нақты бір ұсыныс жасап, әрекет қылмады. Сол себептен ойыншы жаңа маусымдада “Ақтөбе” сапында қалуға өз рұқсатын берген еді. 

“Ақтөбе” ішкі чемпионаттың 6-тур қорытындысы бойынша 11 ұпай жинап турнирлік кестеде 2 орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×