«Сампдория» клубын «Интердің» аңыз футболшысы жаттықтырады

06.12.2021, 21:33
Бұл бапкердің командасы биыл «Қайратпен» кездескен болатын.
«Сампдория» клубын «Интердің» аңыз футболшысы жаттықтырады

Сербиялық «Црвена Звезданың» бас бапкері Деян Станкович клуб басшылығымен 2024 жылы аяқталатын келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы келіссөздер жүргізуде. 43 жастағы маман жақын арада италиялық «Сампдория» клубының бас бапкері атанады, деп жазады журналист Николо Скира өзінің Twitter парақшасында.

Станкович бұған дейін италиялық клубпен ауызша мәміле жасасқан болатын. «Сампдория» қазіргі бас бапкер Роберто Д'Аверсаны нашар нәтижеге байланысты қызметінен босатуды жоспарлап отыр. Команда А сериясының 16 турынан кейін турнирлік кестеде 15-ші орында келеді.

Станкович 2019 жылдың желтоқсан айынан бері «Црвена Звезда» клубында жұмыс істеді. Биылғы маусымда оның жетекшілігімен команда 30 кездесу өткізіп, 22 рет жеңіске жетіп, төртеуінде жеңілген.

Айта кетерлігі, Станкович шәкірттері биыл Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде алматылық «Қайратты» қос матчтың қорытындысы бойынша 6:2 есебімен жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×