Самуэль Это'о: «Бізді африкалық болған соң ешкім елемейді»

17.12.2020, 18:21
Дрогба, Это'о, Эссьен, Веа секілді тарихта есімі қалған африкалық футболшылар бұл тізімге енбеді.
Самуэль Это'о: «Бізді африкалық болған соң ешкім елемейді»

«Реал Мадрид», «Барселона» және «Интер» клубтарының бұрынғы шабуылшысы Самуэль Это'о футбол тарихындағы үздік 33 ойыншысының құрамында африкалық футболшылардың болмауына қатысты өз пікірін білдірді,

«France Football қалайша футбол тарихындағы үздік үш құрамды таңдап, 33 ойыншы тізіміне бірде-бір африкалық футболшыны енгізбейді? Бұл шешім мүлдем дұрыс емес», - деп жазды ВВС журналисті

Самуэль Это’о бұл хабарламаға былай деп жауап қайтарды: «Бізді африкалық болған соң ешкім елемейді».

Естеріңізге сала кетейік, футбол тарихындағы үздік символикалық құрам келесідей:

Лев Яшин (КСРО) - Паоло Мальдини (Италия), Франц Бекенбауэр (Германия), Кафу (Бразилия) - Лоттар Маттеус (Германия), Хави (Испания), Диего Марадона (Аргентина), Пеле (Бразилия) - Криштиану Роналду (Португалия) , Роналдо (Бразилия), Лионель Месси (Аргентина).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×