«Астана» кәсіби спорт клубына кіретін командаларды қаржыландыру тәртібі өзгерді. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Асқар Баталов мәлімдеді.
Баталовтың айтуынша, Қор Президенттік спорт клубын тарату туралы шешім қабылдады. «Астана» футбол клубы, «Астана» баскетбол клубы, «Барыс» хоккей клубы және «Astana Pro Team» кәсіби велокомандасы өз жұмысын жалғастырады және тікелей «Самұрық-Қазына» қорынан қаржыландырылады.
Таратылатын ПКСК экс-басшысы Асқар Баталов «Samruk-Kazyna Trust» қоры бас директорының спорт мәселелері жөніндегі орынбасары ретінде қызметін қадағалауды жалғастырады.
«Мақсат - көп деңгейлі есеп беру және қаржылық қызметті, сондай-ақ әкімшілік-басқару ұжымын қамтамасыз етуге қосымша шығындарды болдырмау», - деп атап өтті Асқар Баталов.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» ПКСК 2012 жылы спортқа мемлекеттік қолдауды күшейту, Қазақстан мен оның астанасының әлемдік аренадағы оң имиджін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттауға және жоғары спорттық жетістіктерді дамытуға ықпал ету мақсатында құрылған болатын.
Біздің серіктес: FONBET