
Пасха дүйсенбісінің таңында 88 жасында өмірден озған Папа Францисктің өліміне байланысты сүйікті футбол командасы оған арнап жүрекжарды қоштасу жариялады.
Аргентина астанасы Буэнос-Айрестен шыққан Папа Франциск елдің жоғарғы лигасында өнер көрсететін “Сан-Лоренсо” клубының өмір бойғы жанкүйері болған.
Қайтыс болғаны ресми расталған соң көп ұзамай клуб әлеуметтік желіде Папа Францискке арнап әсерлі жазба жариялады.
"Ол біз үшін ешқашан жай бір адам болмаған, әрдайым біздің маңызды бөлігіміздің бір еді. Бала кезінде де Куэрво, ересек шағында да Куэрво… Дін қызметкері кезінде де Куэрво… Тіпті Папа ретінде де Куэрво болды… Ол команда үшін мәңгілікке орны бөлек тұлға ретінде сақталады."
Куэрво – “Сан-Лоренцо” клубының жанкүйерлерінің бейресми атауы. Қазақ тілінде “Қарға” деген мағынада.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET