Санчес «Манчестер Юнайтедпен» қош айтысты

06.08.2020, 22:22
Санчес АПЛ-дегі ең жоғары жалақы алатын ойыншы еді.
Санчес «Манчестер Юнайтедпен» қош айтысты

"Интер" клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, шабуылшы Алексис Санчес «Интер» клубына тұрақты негізде көшті.

31 жастағы Чили футболшысы "Интермен" 2023 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырды. Сонымен бірге Италиялық клуб Алексиске тегін қол жеткізді. "Манчестер Юнайтедпен" келісімшартын бұзып, "Интерге" еркін агент ретінде көшті.

Бұған дейін «Интермен» келісімшарт шарттары бойынша Санчес жылына 7 миллион еуро алатыны хабарланған болатын. Бастапқыда «Интердің» «Манчестер Юнайтедпен» трансфер сомасы туралы келіссөз жүргізіп жатыр деген болжам айтылды, бірақ кейінірек ойыншының «қызыл сойқандармен» келісімін бұзатыны белгілі болды.

Санчес 2019/2020 маусымды «Интер» клубында жалда ойнады. Шабуылшы барлық турнирлерде 29 матчқа қатысты, 4 голдың авторы атанды және 10 голдық пас беріп, 3 сары және 1 қызыл қағаз алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×