Сане "Манчестер Сити" ұсынысынан бас тартты

13.12.2019, 05:33
Сане "Манчестер Сити" ұсынысынан бас тартты

"Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Лерой Сане клубтың келісім-шартты ұзарту жөніндегі ұсынысынан бас тартты деп хабарлайды Bild.
Айта кетейік, футболшының қазіргі еңбек шарты 2021 жылға дейін жарамды.
Егер келер жылғы жазға дейін жағдай еш өзгеріссіз қала беретін болса 23 жастағы шабуылшының құны арзандай бермек. Бұл өткен маусым бойы Санені сатып алғысы келген "Бавария" үшін қолайлы болмақ. Естеріңізге сала кетейік, ол кезде "Ман Сити" басшылығы 100 млн. еуро сұраған.
Ал маусым соңында Лерой Саненің ауыр жарақатына байланысты келіссөздер саябырсыған еді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×