«Сантос» клубы Лионель Мессидің рекордын жоққа шығарды

27.12.2020, 17:05
Бразилиялық клубтың хабарлауынша, «футбол королінің» 448 голы есепке алынбай отыр екен.
«Сантос» клубы Лионель Мессидің рекордын жоққа шығарды

Аты аңызға айналған Пеле өнер көрсеткен "Сантос" клубы өзінің ресми сайтында "футбол королінің" жолдастық матчтарда соққан голдарын ескеруді өтініп, Лионель Мессидің жаңартқан рекордын жоққа шығарды.

"Пеле "Сантос" үшін 1091 гол соқты. Мамандандырылған баспасөз хабарламаларына сәйкес, ол ресми матчтарда 643 гол соққан, ал жолдастық кездесулерде тағы 448 голдың авторы атанды, бірақ мұның басқаларға құндылығы жоқ секілді.

Бүгінгі таңда ешкім елемеуге тырысып отырған 448 гол Оңтүстік Америкадағы "Америка" (Мексика), "Коло-Коло" (Чили), "Интернационале" (Бразилия) және басқалары сияқты беделді командаларға соғылды.

Сарапшылардың пікірінше, осы 448 голдың екінші жартысы шағын немесе аймақтық командаларға соғылған. Осыған қарамастан матчтар ресми хаттамамен ойналды.

Қарсыластардың әлсіздігі сияқты субъективті сипаттамаларды ескеру статистика жинау үшін өте қолайлы емес. Сандар абсолютті. "Эйбар" қақпасына соғылған голдың "Валенсияға" соғылған голдан айырмашылығы жоқ. Суринамдық "Трансвааль" қақпасына соғылған голдың мәні Сантьяго Бернабеуде "Реал Мадридке" соғылған голмен бірдей", - деді "Сантос" клубының баспасөз қызметі.

"Барселонаның" 33 жастағы аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының 15-турында "Вальядолидке" гол соқты, осылайша бір клубағы гол саны бойынша аңызға айналған бразилиялық Пеленің рекордын жаңартты. Қазір Мессиде 644 гол болса, Пеледе 643 гол бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×