Қазақстан футбол федерациясы ел чемпионатындағы соңғы оқиғаларға байланысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Төрешілер Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова ұлттық жарыстар аясындағы матчтарға қызмет көрсету құқығынан уақытша айырылды.
Федерацияның мәлімдеуінше, бұл қадамға Қазақстан Премьеp лигасының соңғы турында орын алған өрескел әрі маңызды қателіктер себеп болған. Төрешілердің жіберген кемшіліктері ойын барысына тікелей әсер етіп, қос команданың да наразылығын тудырды.
Айта кетейік, Санжар Ысқақовтың төрешілігі футбол қауымдастығы арасында үлкен талқылау тудырған болатын. Нақтырақ айтқанда, ҚПЛ-дың 4-турында ол "Атырау” командасының таза соғылған голын есепке алмай, Шымкенттік "Ордабасы” пайдасына негізсіз пенальти белгілеген болатын.