Сарапшы Қазақстан құрамасы жайлы: ойыншылар толық бабында емес...

Бүгін, 12:14

Белгілі спорт комментаторы Әлімжан Тасболатұлы Қазақстан құрамасының өнерін бағалап, пікірімен бөлісті.

Сарапшы Қазақстан құрамасы жайлы: ойыншылар толық бабында емес...
Қазақстан құрамасы

Журналист сондай-ақ, ұлттық команданың Ұлттар лигасы аясындағы мүмкіндіктеріне назар аударды. 

«Жаздағы жолдастық кездесулер де, ертеңгі ойын да жігіттер арасындағы түсіністікті, командалық «химияны» жақсартады деп білеміз. Әзірге Ұлттар лигасына 100% дайынбыз деп айта алмаймын, өйткені Қазақстан премьер-лигасының маусымы енді ғана басталды, ойыншылар толық бабында емес екені белгілі. Қыркүйекке дейін тағы бірнеше ойын өтеді: сырт алаңда Армения және Венгриямен күш сынасамыз. Талғат Маруанұлы Байсуфинов тиісті пысықтау жұмыстарын жүргізіп, команданы дайындап, Ұлттар лигасында сәтті өнер көрсетеді деген үмітіміз зор», – деді Ә.Тасболатұлы “ASnews.kz” сайтына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы FIFA Series турниріндегі алғашқы матчында Намибияны 2:0 есебімен ұтқан болатын. Бүгін енді Талғат Байсуфиновтың командасы Комор Аралдарына қарсы өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×