Сарапшылар Чесноковтың «Хартс» сапындағы алғашқы ойынына баға берді

Бүгін, 12:45

Шотландиялық «The Scottish Sun» басылымының шолушысы Роберт Мартин қазақстандық жартылай қорғаушы Ислам Чесноковтың «Хартс» жейдесіндегі алғашқы ойынына қатысты пікір білдірді.

Сарапшылар Чесноковтың «Хартс» сапындағы алғашқы ойынына баға берді
Ислам Чесноков

«Менің ойымша, ол жақсы ойнады. Шабуыл тұрғысынан оған оңай болған жоқ, дегенмен бірінші таймда бір жақсы мүмкіндігі болды. Үзілістен кейін бапкер оны вингер позициясынан қапталдағы қорғаушы орнына ауыстырды. Ол командаға осы өте маңызды жеңіске жетуге көмектесу үшін аянбай тер төкті», – деді Р. Мартин «ASnews.kz» сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Ислам Чесноков «Хибернианға» қарсы жеңісті дербиде (1:0) «Хартс» сапында негізгі құрамда алаңға шығып, екінші тайм барысында өз орнын босатты. Қазіргі күні 26 жастағы жартылай қорғаушының клубы 57 ұпаймен Шотландия чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×