Сарапшылар «Қайрат» - «Олимпиакос» кездесуінде қандай есеп тіркелетінін болжады

Бүгін, 11:50

Танымал «Sportskeeda.com» ақпараттық порталы «Қайрат» - «Олимпиакос» кездесуіне тоқталып, болжам берді.

Сарапшылар «Қайрат» - «Олимпиакос» кездесуінде қандай есеп тіркелетінін болжады
«Қайрат» - «Реал» Мадрид кездесуі

ЧЛ жалпы кезеңінің 6-турындағы матч ертең 20:30-да басталады. Өтетін орны «Астана Арена» стадионы.

«Халықтық команда бұл бәсекеге соңғы төрт кездесуде жеңіске жете алмай келе жатыр. Өз алаңында өткізген соңғы 4 матчта олар тек бір рет жеңіске жеткен еді және алдағы кездесуде өз алаңының факторынан бәлендей бір басымдық ала алмайды. Чемпиондар Лигасындағы бес ойынның үшеуінде ұтылған «Олимпиакос» әзірше Еурокубоктің негізгі кезеңінде бірде-бір жеңіс тіркей алған жоқ. Қалай дегенде де, сейсенбідегі матчта олар қағаз жүзінде әлдеқайда мықты команда ретінде саналады әрі жеңіссіз сериясына нүкте қоюға тырысады. Болжам: «Қайрат» - «Олимпиакос» 1:2», - делінген грекиялық порталдың болжамында.

Алматылық клуб ЧЛ жалпы кезеңінде 5 турдан кейін 1 ұпаймен 35-орынға жайғасуда. Ал «Олимпиакос» еншісінде 2 ұпай. Олар 33-сатыда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×