Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбей ме? Алматылық клуб бүгін соншалықты қауқарсыз көріне ме?

18.09.2025, 12:19

Танымал «Sportskeeda» спорт басылымы ЧЛ негізгі кезеңіндегі «Спортинг» - «Қайрат» кездесуіне болжам беріп, командалардың мүмкіндігін саралады.

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбей ме? Алматылық клуб бүгін соншалықты қауқарсыз көріне ме?
Дастан Сәтпаев

Бүгін ҚПЛ чемпионы Лиссабонда өзінің ЧЛ-дағы дебюттік ойынын өткізеді.   

«Алматының «Қайраты» Лиссабонның «Спортингін» таңқалдырып, Чемпиондар Лигасындағы дебютін ертегідей өткізуге тырысады. Бірақ бұл үшін оларға әлдеқайда азулы әрі тәжірибелі құрамы бар алаң иелерінің қысымына төтеп беруге тура келеді. Құрамның тереңдігі мен қарсыластардың деңгейін ескере отырып, Боржештің шәкірттері жергілікті жанкүйерлерінің қолдауымен еш қиындықсыз үш ұпайды еншілейді деп күтеміз. Болжам: «Спортинг» - «Қайрат» 3:0», - делінген басылымның жазбасында.

«Спортинг» - «Қайрат» матчы бүгін 00-00-де басталады. ЧЛ 2-туры аясында «Қайрат» - «Реал» Мадридті қабылдайды. Бұл бәсеке 30-қыркүйекте өтеді.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×