"Қайрат" футболшылары голдарын тойлауда
Братиславадағы керемет кеште келесі, шешуші кезеңге жолдама алған «Қайрат» Шотландияның «Селтигіне» қарсылас атанды.
Бірнеше сараптама орталығы жалма-жан командалардың мүмкіндігін таразыға салып, кім жеңімпазды жорамалдап көріпті. Спорттағы сәуегейлердің тұжырымы – ҚПЛ чемпионының жеткен жері осы, Рафаэль Уразбахтин командасының шотландиялық топ-клубқа қарсы қоятын ештеңесі жоқ дегенге саяды. Кім біледі, «Слованға» қарсылас атанғанда да алматылықтарға сенім артқандар қарасы көп болмаған еді. Бірақ, кешегі ойын мен жалпы теке-тірес доптың домалақ екенін дәлелдеп берді.
Айта кетейік, командалар алдымен 21-тамызда Глазгода жолығады. Жауапты матч 16-тамызда Алматыда болады.