Сарапшылар Қазақстан Суперкубогының иегерін атады. Биыл жеңімпаз пенальтиден кейін анықтала ма?

Бүгін, 10:48

Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтының тілшісі Мұрат Мұқашұлына сұхбатында Қазақстан Суперкубогіне байланысты болжамын беріп, жеңімпаз жайлы ойын айтты.

Сарапшылар Қазақстан Суперкубогының иегерін атады. Биыл жеңімпаз пенальтиден кейін анықтала ма?
"Қайрат" - "Тобыл" кездесуі

Биыл бұл трофейге ел чемпионы «Қайрат» пен Кубок иегері «Тобыл» таласады.

ҚПЛ клубтарының маусым алдындағы мүмкіндіктері мен олардың қатарындағы шетелдік футболшылар жайлы пікірін айтты.

«Чемпион мен Кубок иегері ойнаған кезде, сөзсіз, фаворит – чемпион болады. Алайда, бұл бір-ақ матчтан тұратын теке-тірес. Суперкубокты кім жақсы дайындалып, кім дұрыс тактика таңдайды, сол ұтады. Алматылық клуб та, «Тобыл» да күшейіп жатыр. Қалай дегенде де, тартысты ойын болатыны анық. Жеке менің болжамым – кездесу тең аяқталып, жеңімпаз пенальтиден анықталатын сиғяқты. Пайызбен айтқанда 55-те 45 «Қайраттың» пайдасында деп есептеймін. Ал жалпы иә, Суперкубок өз бір трофей және маусым ашар маңызға ие. Позитивке толы болса деген тілек бар», - деді белгілі бапкер.

Қазақстан Суперкубогі сарапқа салынатын ойын ақпанның 28-де болады. Матч «Астана Арена» алаңында, сағат 17:00-де басталады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×