Дан Глейзер “Қайрат” сапында өткізген соңғы 6 кездесудің 5 сары қағазбен жазаланған.
Израильдік футболшы ішкі чемпионатта “Ордабасы” мен “Ақтөбеге” қарсы дөрекі ойыны үшін ескертумен жазаланды. Шымкенттегі кездесуде жартылай қорғаушы тіпті алаңнан қуылып тыңды.
Одан кейін, Дан еурокубоктің іріктеуінде “Олимпиямен” болған екі кездесудеде қарсыласқа қарсы дөрекі ойнады.
Бүгінде Глейзер КуПС - “Қайрат” матчының 84 минутында сұранып жүріп, сары қағаз алды. Осылайша, жартылай қорғаушы іріктеудің 3 матчында төреші тараптан жазалану арқылы дөрекі ойыншылар тізімінде жоғары позицияға жайғасты.