"Қайрат" шабуылшысы Дастан Сатпаев Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Слованды" жеңгеннен кейін эмоцияға толы әсерімен бөлісті.
Футболшы әлеуметтік желіде Алматылық клубтың киім ауыстыру бөлмесіндегі суретін жариялап, оған:
"Ең үздік команда, ең үздік туған күн” – деп жазды.
12 тамызда Сатпаев 17 жасқа толған еді.
Братиславадағы қарымта ойын пенальти сериясында шешіліп, Қазақстандықтар 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Бұл "Қайрат” үшін тарихи жетістік, клуб алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Енді Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Шотландияның "Селтик” клубымен кездеседі. Алғашқы матч 20 тамызда Глазгода, ал жауапты ойын 26 тамызда Алматыда өтеді.