Испаниялық "Атлетико Мадрид" клубының жартылай қорғаушысы Сауль Нигес Бразилияның "Фламенго" командасына ауысатын болды.
Сауль сәрсенбі күні Рио-де-Жанейроға барып, жаңа клубымен келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр. Ол "Фламенгомен" 3,5 жылдық келісімшартқа отырады. Бұл келісімде бұрынғы әріптесі, қазір бапкерлік құрамда жүрген Фелипе Луис пен спорт директоры Жозе Бото үлкен рөл атқарған.
29 жастағы жартылай қорғаушы "Атлетиконың” түлегі. Ол бұл команда сапында 350-ден астам матч өткізіп, Ла Лига, Еуропа лигасы және Суперкубок секілді бірқатар беделді турнирлерде жеңіске жеткен.