«Саутгемптон» салған сорлы жол

Әділет Жұмагелді
Бас редактор
01.10.2024, 15:09

Бұл команда антирекорд орнатты.

«Саутгемптон» салған сорлы жол

Жігіттер қадамын нық баса алмады

Чемпионшипта үздік 4 орынды иеленген «Саутгемптон» командасы АПЛ жігіттерімен текетіресе алар емес. Клуб тарихында алғаш рет АПЛ бастапқы алты турында бар-жоғы бір ұпайды қоржынға салды. Осылайша, бұл ұжым өз статистикасы бойынша антирекорд орнатты.

Алғашқы турлар қалай өрбіді?

Алғашқы турда «Ньюкаслдан» минималды есеппен жеңілсе, кезекті турда «Ноттингемге» қарсы дәл осы нәтижені тіркеді. «Брентфорд», «МЮ» командалырана қарсы ойында 3 гол өткізіп алды. Осы жылғы алғашқы ұпайын «Ипсвич» жігіттері сыйға тартты. Жүректері жұмсақ, қолдары ашық жігіттер ғой, шіркін! Тез көніп қалады. Күні кеше «Борнмуттың» сараңдары 3 гол соғып тастапты. Абырой болғанда бүгінгі тақырып қаһармандары жұбаныш голын соқты. Оған да рақмет! Қазіргі таңда 1 ұпаймен турнирлік кеседе 19 орында келеді. Қайтадан ұшып кететін секілді ме? Қалай өзі?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×