Қазақстандағы алғашқы жеке кәсіпқой клубы 19 қаңтардан бастап жаттығуларына кіріседі.
Команда жаңа маусымға дайындығын елордасы Астанада “Бақытбек Аренада” бастайды. Ұжымды сол жиындарда 45 жастағы маман Ренат Көшербаев баптайтын болады. Аталған маман 2025 жылдың жаз айында SD Family тізгінін ұстап, 10 кездесу өткізген еді.
Команданың трансферлері жайында әзірге тек бір ғана ақпарат бар. Қақпашы Евгений Ситдиков 2026 жылдың басында қырғызстанның “Алға” ұжымына қосылды. 24 жастағы қақпашы өткен маусымда SD Family жейдесінде барлығы 16 кездесуге қатысты.
Айта кетейік, Дидар Сыдықбек “Тараз” КФК басшысы болып тағайындалған уақыттан бері, Sd Family клубы Айсұлтан Бақытбекұлының басқаруына берілді.