SD Family оралдық “Ақжайыққа” қарсы ойында камбэк жасады

10.05.2024, 17:18

SD Family Бірінші лиганың 6-турында “Ақжайықты” қабылдап, 3:2 есебімен жеңді.

SD Family оралдық “Ақжайыққа” қарсы ойында камбэк жасады

Бірінші лига, 6-тур

SD Family 3:2 “Ақжайық”

Голдар: Әлмұхамедов 6’, Омаров 36’, Меделхан 47’, Нарқұлов 76’, Грабко 80’

Бүгінгі ойында 2:0 есебімен ұтылып жатып, камбэк жасаған SD Family 6-тур қорытындысы бойынша Бірінші лиганың турнирлік кестесінде 7 ұпаймен 9 орында келеді. Ал қатарынан екі ойында жеңіліс тапқан “Ақжайық” 14 орында тұрақтады. Бұның алдында оралдық команда сырт алаңда “Тараз” командасынан 3:1 есебімен есе жіберген болатын.

SD Family - “Ақжайық” ойынынан бөлек, бүгінгі күнтізбеде “Хан-Тәңірі” - “Тараз”, “Жетісай” - “Каспий” және “Қыран” - “Ұлытау” командалары бақ сынасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×