Себастьян Аллер Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

24.02.2022, 15:19
Шабуылшы турнирдің үздік сұрмергендері тізімінде көш бастап тұр.
Себастьян Аллер Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

«Аякс» шабуылшысы Себастьян Аллер Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Бенфикаға» қарсы өткен алғашқы ойында (2:2) гол соқты.

27 жастағы шабуылшы осы маусымда Чемпиондар лигасында дебют жасап, барлық жеті ойында мергендігімен көзге түсті - бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Бұған дейінгі рекорд Чемпиондар лигасындағы алғашқы бес матчында гол соққан Алессандро Дель Пьеро, Диего Коста және Эрлинг Холандқа тиесілі еді.

Сондай-ақ ивуарлық шабуылшы Чемпиондар лигасының бір маусымындағы алғашқы жеті матчта ең көп гол соққан футболшы ретінде тарихқа енді.

Айта кетейік, Аллер Чемпиондар лигасының осы маусымында 7 матч өткізіп, 11 гол соқты және үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×