Седнев бапкер “Ақтөбеге” қайта оралғысы келеді

“Серый Кардинал” телеграм-арнасы Александр Седневты “Ақтөбе” бапкері қызметіне қайта оралуы мүмкін дейді. 

Седнев бапкер “Ақтөбеге” қайта оралғысы келеді

Седнев Қазақстандағы бапкерлік мансабын дәл осы “Ақтөбеде” бастаған. Беларус маманы 2018 жылдың ақпан айында “ақ-қызылдар” ұжымының бас жаттықтырушысының көмекшісі болып тағайындалды. Бұл қызметте ол 2019 жылдың 8 қаңтарына дейін жұмыс атқарды. Одан кейін “Ақтөбе” басшылығы Седневты негізгі бапкер ретінде командаға таныстырды. Клуб тізгінінде 34 ойын өткізген маман ақыры соңында команданы Бірінші лигаға түсіріп бірақ тыңды. Сәтсіз маусымнан кейін маман бір жыл өз отанындағы “Рух” командасын жаттықтырып тәжірибе жинақтап келді. Сөйтіп 2020/21 жылдан осы уақытқа дейін  шымкенттік “Ордабасыда” еңбек етті. Оңтүстік ұжымның тарихында болмаған чемпиондықты алып берді.

Енді кезекте маман өзінің жеке қызығушылығына иек артып, “Ақтөбе” бапкері қызметінде бақ сынап көруді жөн деп санапты. Беларус маманының агенттері осы бойынша қазір нақты қадамдар қарастырмақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×