Седрик Куаджа "Шахтер" ойыншысы атанды

08.02.2020, 14:07
Седрик Куаджа "Шахтер" ойыншысы атанды

Санаулы сәттер бұрын ғана "Шахтер" шабуылшы Седрик Куаджаны сатып алғанын жариялады. 22 жастағы ивуарлық футболшы Белорусьтің "Слуцк" командасынан ауысты.

Седрик карьерасын 2013 жылы өз еліндегі "Бингервиль" командасында бастаған. Сонымен қатар, Чехияның "Слован", Белорусьтің "Торпедо" ұжымында доп тепкен. Өткен маусымда 19 ойын өткізіп, 2 гол салған және 1 нәтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×