ҚПЛ-дің сегізінші тур аясында болған 6 матчты 24 мыңға жуық адам тамашалады
Өткен турда ең көп жанкүйер жинаған – «Ордабасы» - «Тобыл» кездесуі. Шымкенттегі бәсекені 9573 адам тамашалаған. Ал керісінше ең аз жанкүйер келген кездесу – «Тұран» - «Жетісу» ойыны болып отыр. Түркістандағы теке-тіресті бар болғаны 150 адам көрген екен. Ал жалпы жаңа маусым басталғалы ҚПЛ-дің матчтарын 186 521 адам ташалаған деген ақпарат бар.
ҚПЛ-дің сегізінші турындағы жанкүйерлер қаралымы:
1. «Ордабасы» – «Тобыл» (1:0) – 9 573 жанкүйер;
2. «Елімай» – «Шахтёр» (2:1) – 8 000;
3. «Қызыл-Жар» – «Ақтөбе» (0:2) – 4 000;
4. «Астана» – «Қайсар» (1:1) – 1 032;
5. «Жеңіс» – «Қайрат» (0:2) – 500;
6. «Тұран» – «Жетісу» (2:3) – 150
Біздің серіктес: FONBET