“Селтик” “Қайратты” алғашқы ойында-ақ тұқыртып тастамақ!

19.08.2025, 10:35

Еуропалық Sportsmole сайты "Селтик" және "Қайрат" арасындағы Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынға болжам жасады. 

“Селтик” “Қайратты” алғашқы ойында-ақ тұқыртып тастамақ!

"Келесі аптада "Селтикті” ұзақтығы 7000 миль болатын әлемді айналғандай алыс сапар күтіп тұр. Сондықтан Брендан Роджерс шығысқа баратын сапардың алдында жұмыстың көп бөлігін бірінші ойында-ақ атқарып тастағанын қалайды. "Селтиктің” ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы Алматыға жету үшін бір бағытта шамамен 10 сағаттық ұшуға мәжбүр. Бұл өткен маусымда "Челси” "Астанамен" кездескен жер, ол кезде Ағылшындар Орталық Азиядағы бұл сапарға қосалқы құрамды әкелген еді.

Роджерстің шәкірттеріне алғашқы ойынға дайындалуға жеткілікті уақыт берілді, Егер Глазгода жеткілікті басымдық жасай алса, онда Алматыдағы кездесу соншалықты шешуші болмауы мүмкін. Бұдан бөлек, бірнеше күннен кейін "Рейнджерспен” маусымдағы алғашқы "Old Firm” дербиі өтеді, сондықтан Роджерс жауапты матчта негізгі ойыншыларды барынша аз пайдалануға тырысуы керек.” – деп жазады сайт.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×