“Селтик” “Қайратты” таптап өтеді” Британдық сарапшылар “Қайратқа” Глазгода шанс жоқ, оларды ірі есеп күтіп тұр деп болжауда. Шотландиялықтар интригасын Алматыға қалдырмайды дейді

20.08.2025, 12:30

Daily Record басылымының Британдық сарапшылары Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі "Селтик" пен "Қайрат" арасындағы алғашқы ойынға өз пікірлерін білдірді

“Селтик” “Қайратты” таптап өтеді” Британдық сарапшылар “Қайратқа” Глазгода шанс жоқ, оларды ірі есеп күтіп тұр деп болжауда. Шотландиялықтар интригасын Алматыға қалдырмайды дейді

Барлық сарапшылар бірауыздан алаң иелеріне басымдық берді.

Майкл Гэннон:

"Қайрат" автобусты қойып қорғанысқа жүгінуге тырысады. Бірақ ерте соғылған гол ойынның бағытын анықтайды. "Селтик” Қазақстанға сенімді басымдықпен аттанады. Маңыздысы қонақтарға гол соғуға мүмкіндік бермеу.
Болжам: "Селтик” – "Қайрат” 4:0.

Райан Макдональд:

"Селтик” жанкүйерлері Чемпиондар лигасынан ұшуды қабылдамайды. Бұл ең қолайлы жеребе болды, сондықтан Шотландиялық клуб Қазақстанға сенімді басымдықпен баруы тиіс.
Болжам: 3:0 "Селтиктің” пайдасына.

Скотт Бёрнс:

"Селтик” өз алаңында ойынды өз пайдасына шешеді деп ойлаймын. Брендан Роджерстің командасы “Қайраттан” тым мықты.
Болжам: "Селтик" – "Қайрат" 3:1.

Марк Пири:

"Өткен маусымда "Селтик“ Еуропада ірі жеңістерге қол жеткізе алатынын дәлелдеді. Биыл трансферлік терезе сәтсіз өтті, команда аздап әлсірегендей көрінеді. Бірақ бұл раундтан өтіп, алғашқы матчта сенімді жеңіс алуы тиіс.
Болжам: "Селтик" – "Қайрат” 2:0.

Энди Ньюпорт:

"Қарымта ойынға Қазақстанға баратын жол өте ұзақ әрі ауыр болады. Сондықтан "Селтик” алғашқы матчта-ақ айқын басымдыққа қол жеткізуді қалайды. Олар бес сағаттық белдеуді кесіп өтеді, бірақ интриганы созбайды деп ойлаймын."
Болжам: "Селтик" – "Қайрат” 3:0.

Скотт Макдермотт:

"Қазақстанға бару оңай емес. Сондықтан Роджерстің командасы Глазгода интриганы өлтіруге тырысады. "Селтик” Еуропадағы үй матчтарын қарқынды бастай біледі. Егер олар дұрыс ойнаса, "Қайратты" басынан-ақ қыспаққа алып, жеңісті жеңілдетуі мүмкін».
Болжам: "Селтик" – "Қайрат" 3:0.

Матч Астана уақытымен түнгі 00:00-де басталады. Қарымта ойын 26 тамыз күні Алматыда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×