«Селтик» клубының бас бапкері Дастан Сәтпаев жайлы пікірін айтты

25.08.2025, 17:53

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жауапты матчының алдында «Селтик» клубының бас бапкері Брендан Роджерс қазақстандық жас жұлдыз жайлы ойымен бөлісті.

«Селтик» клубының бас бапкері Дастан Сәтпаев жайлы пікірін айтты
  • «Дастан Сәтпаев - тамаша футболшы. «Челсидің» бақылап жүргендігінен хабардармын. Оның деңгейі таңғалдырады. Алайда «Қайраттың» командалық ойын жағынан мықты екендігін айтпай кетуге болмайды. Әйтсе де біз бар күшімізді салып, оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз», - деді Брендан Роджерс.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы ойын ертең, 26 тамыз күні кешкі 21:45-те басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×