Брендан Роджерс - “Ноттингем Форрест” бапкерлігіне басты үміткер.
"Ноттингемнің" басшысымен әңгімесі жараспай жүрген Нуну Эшпириту Санту маусым соңына жетпей клубтан кетуі мүмкін. Оның орнына “Форест” ұжымы бас бапкерлікке Жозе Моуриньо, Эндж Постекоглу және Брендан Роджерсті қарастыруда. Алайда басымдылық “Селтик” бапкеріне берілуде.
Бірақта “Ноттингем” фанаттары Нунудың клубтан кетуіне қарсы. Себебі, португалдық маманның арқасында орманшылар өз тарихында 30 жылда алғаш рет клубты еурокубокке алып шықты. Онымен қоса, Эшпириту АПЛ қазан, желтоқсан және наурыз айының үздік бапкері атанды. Қазірдің өзінде команда ішкі чемпионатта топ-5 ұжымның қатарында келеді.
Бірақ соған қарамастан, Нунудың да клубтан кетуге қарсылығы жоқ. Бапкер басшылықтың онымен ақылдаспай Антони Эланганы сатып жіберуі шамына қатты тиіпті. Осыдан кейін Санту президент Маринакиспен мүлдем сөйлесуді қойыпты.
Ия, Брендан Роджерс қазіргі таңда “Селтиктің” бапкері. Ол өз командасымен бірге Чемпиондар Лигасында бақ сынасуда. Бір қызығы, Роджерсті де Нуну Эшпириту Санту сияқты клуб басшылығының қолдауынсыз жүр.