“Селтик” осыдан бір ай бұрын үздік деген ойыншысын сатып жіберіпті

Қаптал вингері Патрик Кун Италия А Сериясын бағындыруға кетті.

“Селтик” осыдан бір ай бұрын үздік деген ойыншысын сатып жіберіпті
Николас Кун

2000 жылғы Вундстоф жерінде дүние есігін ашқан Николас Кун өз мансабында “Бавария”, “Аякс”, “Эрзгебирге”, “Рапид” Вена ұжымдарында өнер көрсетті. 2025 жылдың шілде айына дейін қаптал вингері шотландиялық “Селтиктің” намысын қорғады. Мұнда ол 2024 жылдан бері 69 матч өткізіп, 24 гол мен 18 голдық пас берді. Сол арқылы Глазго ұжымының бетке ұстар ойыншысына айналды. Селтик кезінде Николасты 5 млн еуроға сатып алған. Ал қазір болса, қаптал вингерінің трансфер құны 20 млн-ға жуықтап қалады. Жас бола тұра Кун Еурокубоктік ойындардың біразын көріп тастаған. Онда тіпті гол соғып, “Селтикке” жарқын жеңістерде сыйлай алған. Сөйтіп жүріп, трансфер құнын өсіріп, А Сериясына дейін дәрежесін көтерді. 

Айта кетейік, Николасқа Бундеслигадағы “Лейпциг” ұжымы осы жазғы трансферлік ауысымда 12 млн еуро ұсынған болатын. Алайда неміс ұжымының алдын “Комо” орап кетіп, вингер үшін ұсынылған ақшаның мөлшерін 8 млнға көтерген еді. Нәтижесінде 11 шілде күні Кун ресми түрде итальяндық ұжымның жейдесін киді. Әзірге вингер өзінің жаңа командасында бірде-бір ресми матч өткізген жоқ. 

Осылайша “Селтик” ұжымы “Қайратқа” қарсы маңызды матч алдында қаламай тұрсада, лидерін сатты. Кунның өзі командада әрі қарай қалудан бас тартты. Әйтпесе шотландиялық клубтың шабуылын жүргізіп отырған осы жігіт еді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×