Шотландиялық Celtsarehere.com сайты Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өтетін Алматылық "Қайрат" пен "Селтик" арасындағы ойынға қатысты ойларымен бөлісті.
"Селтик” бұл сапардың оңай болмайтынын біледі, бірақ басты мақсат екі ойында да жеңіске жету. Ұзақ қашықтыққа ұшу және сырт алаңда жанкүйерлердің аз қолдауы Қазақстандағы матчты анағұрлым қиындатады. Дегенмен Роджерс пен оның командасы мұндай жағдайды бұрын да бастан өткерген.
Сапар біртүрлі көрінуі мүмкін, бірақ "Селтик” Еуропа іріктеу турнирлеріне үйреніп қалған және мұны Чемпиондар лигасына шығудың тағы бір қадамы ретінде қабылдайды. Қазақстандағы жанкүйерлердің аздығы атмосфераны өзгертеді, алайда матчтың мәнін өзгерте алмайды.” – деп жазады сайт.