Глазголық «Селтикке» арналған 67hailhail.com сайты клубтың Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде алматылық «Қайратқа» қарсы қарсыласудағы тағдырын-ақ осы аптадағы алғашқы ойында шешіледі деп болжайды.
20 тамыз күні «Селтик» өз алаңында «Қайратты» қабылдаса, 26 тамызда Алматыда қарымта кездесу өтеді. Қос ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады, ал ұтылған команда Еуропа лигасының негізгі раундына қатысады.
— Қазақстанға жасалатын ауқымды сапарға қарамастан, «Селтик» жанкүйерлері команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуы тиіс деп сенеді. Алматыға баратын фанаттарды ұзақ әрі ауыр жол күтіп тұр, бірақ сапарға аттанатындар алғашқы матчта-ақ бәрі шешіліп қояды деген үмітте.
Брендан Роджерстің қолында дерлік толық құрам бар, ал «Селтик Парктағы» жанкүйерлердің қолдауымен команда фаворит болмай қалуы мүмкін емес», – деп жазды басылым.