“Селтикпен” болатын тарихи матч алдында “Қайрат” қиындыққа тап болды. Команданың басты қорғаушысы Шотландияға жете алмай қалуы мүмкін

15.08.2025, 18:00

"Қайрат" қорғаушысы Ресейлік Егор Сорокин Чемпиондар лигасында "Селтикке" қарсы өтетін матч алдында виза мәселесіне тап болды.

“Селтикпен” болатын тарихи матч алдында “Қайрат” қиындыққа тап болды. Команданың басты қорғаушысы Шотландияға жете алмай қалуы мүмкін

"Селтик” төртінші жыл қатарынан топтық кезең жолдамасы үшін таласта Қазақстандық клубпен кездеседі. Алғашқы матч Глазгода өтсе, қарымта ойын Азияға 3 500 мильдік ұзақ сапардан кейін Алматыда ойналады.

Алайда "Қайраттың" Ресейлік қорғаушысы Сорокин Ұлыбританияға кіру үшін визаға мұқтаж. 2022 жылдың ақпанында Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ұлыбритания үкіметі Ресей мен Беларусь азаматтарына санкциялар енгізді. Бұл ретте Ішкі істер министрлігі Ресейлік және Беларусь теннисшілерінің Уимблдонға кіру визасын бірнеше айға кешіктіріп, рұқсат алу үшін "бейтараптық декларациясына” қол қоюды талап еткен.

"Қайрат" құрамында сондай-ақ екі Беларусь футболшысы бар. Валерий Громыко мен Александр Мартынович. Қазір клуб үкіметтен Сорокиннің визасын жедел рәсімдеуге арнайы рұқсат сұрауы тиіс. Дегенмен, қорғаушы Селтик Паркте алаңға шығатынына сенімді.

Daily Record басылымына берген сұхбатында ол:

"Қайраттың" бас директоры маған бәрі мақұлданып, виза дайын болатынын айтты. Мәселе болмайды деп үміттенемін және Шотландияда ойнай аламын." 

29 жасар Сорокин командасы тарихта тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуы үшін барын салмақ.

"Селтикке" қарсы біз фаворит емеспіз, бұл анық. Біз бәрін жасаймыз. Ал нәтиже қандай боларын уақыт көрсетеді." деді Сорокин.

"Қайрат" тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне шығып отыр. Бұл жолда олар Словенияның "Олимпия Любляна”, Финляндияның "КуПС" және Словакияның "Слован Братислава” клубтарынан сәтті өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×