«Селтиктікі» сылтау. Шотландиялықтардың жеңілісіне негізгі себеп болған қандай фактор?

27.08.2025, 15:18

«Аладоп.кз» белгілі бапкер Болат Есмағамбетовпен сұқбаттасып, «Қайрат» - «Селтик» кездесуі жайлы және Алматыдағы «Орталық» алаңның сапасы туралы пікірін білді.

«Селтиктікі» сылтау. Шотландиялықтардың жеңілісіне негізгі себеп болған қандай фактор?
"Қайрат" футболшылары жеңіс тойлауда

Кеше матч соңында шотландиялық клуб бас бапкері Брендан Роджерс қортынды нәтижеге газон сапасы әсер етті дегенді алға тартқан.  

«Ардагерлер болып екі ай бұрын сол алаңда ойнағанбыз. Алматыдағы газонның сапасы төмен деп айта алмаймын. Бапкерлер ойын соңынан «анау болды, мынау болды» деп айта береді ғой. Оларға да сылтау керек дегендей. Енді кім біледі, Брендан Роджерс айтарға сөз таба алмаған соң сөйткен шығар. «Суға кеткен, тал қармайды» деген бар. Иә, өте керемет деуге келмейді, бірақ Еуропада талай алаңдарды көрдік, олардың асып бара жатқан ештеңелері жоқ. Алматыдағы алаңды, газонның сапасын тәп-тәуір деп айтуға болады», - деді Б. Есмағамбетов.   

«Қайрат» қос ойын қортындысында басым түсіп, ЧЛ негізгі кезеңіне шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×