Сэм Эллардайс «Вест Бромвичтің» бапкері болып тағайындалды

17.12.2020, 05:56
Big Sam екі жыл үзілістен кейін қайта оралды.
Сэм Эллардайс «Вест Бромвичтің» бапкері болып тағайындалды

“Вест Бромвич Альбион” ресми сайтында 66 жасар маман Сэм Эллардайсты бас бапкер ретінде таныстырды.

Клуб пен Big Sam арасындағы келісімшарт 18 айға есептелген. Ертең су жаңа бапкер ойыншылармен алғашқы жаттығуын өткізеді.

Эллардайс хорватиялық маман Славен Биличтің орнына келді. Ал Сэм 2018 жылдың мамырында “Эвертоннан” кеткеннен кейін жұмыссыз жүрген еді. Одан бөлек, Big Sam “Ньюкасл Юнайтед”, “Вест Хэм Юнайтед”, “Сандерленд” және “Кристал Пэлас” секілді тағы да басқа клубтарды баптаған.

“Вест Бромвич” Англия Премьер-лигасының 13 ойынынан кейін жеті ұпай еншілеп, 19-орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×