“Семей” футзал клубы Чемпиондар Лигасының кезекті кездесуінде есе жіберді

Аслан Смақов командасы бүгін “Этуаль” ұжымынан 4:3 есебімен жеңілді.

“Семей” футзал клубы Чемпиондар Лигасының кезекті кездесуінде есе жіберді

Бірінші таймда қазақстандық команда Бруно Гомес пен Дедезиньоның дублінің арқасында 0:3 есебімен үзіліске жеңімпаз ретінде аттанған болатын. Алайда алаң қожайындары есін тез жинап, екінші таймда Гурьо, Баккали және Муххидиннің дублімен Семейліктерді сан соқтырып кетті. 

Айта кетейік, бұған дейін футзал командамыз Чемпиондар Лигасында Хрудим ұжымынан 9:5 есебімен басым түскенді. Аталған кездесуде Кандидо (хэт-трик), Бруно Гомес (дубль), Есенаманов, Герейханов, Марсело және Абдыманапұлы 1 голдан өз аттарына жазды. 

Енді Смақовтың шәкірттері 1 қараша күні испандық “Пальмамен” бақ сынасады. Сол ойыннан кейін қазақстандық команданың топтан шығу мәселесі шешіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Семей
Aladop Youtube
×