Абай облысы ұжымының инстаграмдағы ресми парақшасында “Елімайдың" инфраструктурасына байланысты бірқатар шарулардың атқарылғандығы жайында жазылды.
- Біз Конференциялар лигасының алғашқы кезеңін Семейде кабылдаймыз. Стадионды сертификаттау жұмыстары үш жылдан бері жүргізіліп келеді және әлі де жаласуда.
- Осы уакыт ішінде трибуналардың астындағы бөлмелерге күрделі жөндеу жасалды, табло ауыстырылды, заманауи LED-бордтар орнатылды. Трибуналардагы орын саны еурокубоктарға қатысу талаптарына сәйкес келеді. Сонымен қатар, ыңғайлы автотұрақтар, бірнеше көшеден кіретін жолдар мен жанкүйерлерге арналған бірнеше қақпа қарастырылған. Барлық қажетті бөлмелер, киім ауыстыру бөлмелері, медиа-аймақ, және басқалары халықаралық стандарттарға сай етіледі.
Аренадағы басты мақтаныш, табиғи көгалға ерекше назар аударылған.
- Семейдегі алаң табиғи, оның сапасына күмән жоқ. Газонға күтім жоғары деңгейде ұйымдастырылған, ал келесі маусымға қарай оны одан әрі жетілдіреміз.
Клуб екілі атап өткендей, еурокубоктарға қатысу - бұл тек спорттық жетістік емес, сонымен катар мыңдаған жанкүйерлер мен жергілікті атқарушы биліктің, колдауының нәтижесі.
- Біз өз облысымыздың тұрғындарынан, сондай-ақ өңір басшысы Берік Уәли мырзадан еурокубоктарды өткізу құқығын алу жолында зор қолдау алдық. Ал клуб басшылығы ретінде біз оларды өз үйімізде, яғни Семейде қабылдау үшін бар күшімізді саламыз.
Осылайша, Семей біртіндеп Қазақстанның, шығыс бөлігінің, футбол орталығына ғана емес, сонымен қатар еуропалық деңгейге сай спорттық алаңға айналып келеді.
2026 жылдың еурокубоктық кезеніңде “Елімай” мен бүкіл өңір тарихының жаңа беті ашылуы әбден мүмкін, – делінген "Елімайдың" инстаграмдағы парақшасында.