Семейдің жігіттері соңына дейін ойнайды

"Елімай" командасы осы маусымда бірнеше рет соңғы минуттар қорытындысы бойынша діттеген нәтижесіне қол жеткізді.

Семейдің жігіттері соңына дейін ойнайды

Нақтырақ айтатын болсақ, Карпович командасы ішкі чемпионаттың 7 матчында қарсылас қақпасына соңғы минуттарда гол соққан.  

Команданың кездесудегі шешуші голды соғу нәтижесі алғаш рет Қайсармен” болған кездесуде тіркелді. Аталған матчта Фесу Плакка 90 минутта көзге түсті. 

Одан кейін, “Елімай” сапынан 90+2’ минутта гол соққан Флореску өз командасының “Тобылдан” жеңіліп қалудан сақтап қалды. 

Ары қарай “Елімай” Жұмаханов, Одеоибо, Свиридов және Мұратазаевтың үлесімен қалған ойындарында ұпай жоғалтпады.

Бүгінде Семей командасы Спартакта өз жанкүйерлері алдында шымкенттік “Ордабасыдан” басым түсті. Ойынның небәрі 3 минутында гол жіберген команда Рамазан Оразов голымен есепті теңестіріп, матч соңында джокер Роман Мұртазаевтың нәтижелі әрекетімен жеңіске жетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Елімай
Aladop Youtube
×