Семейлік клубтың жаңа қожайыны белгілі болды

Бүгін, 18:03

"Елімай" футбол клубын еліміздегі ең ірі мыс өндіруші кәсіпорындардың бірі — KAZ Minerals компаниясы сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Семейлік клубтың жаңа қожайыны белгілі болды

Қазіргі уақытта тараптар келіссөздер үстінде.

KAZ Minerals Қазақстан мен Қырғызстанда ауқымды ашық және жерасты кеніштерін игеретін халықаралық деңгейдегі мыс алпауыты.

Компанияның негізі 1930 жылдары Балқаш пен Жезқазған мыс қорыту кешендерінен басталған. 1990-жылдары мемлекеттік меншіктен жекешелендіру кезеңінен өтіп, бір уақыттары Оңтүстік Кореялық Samsung корпорациясының басқаруында болды.

2005 жылы компания "Қазақмыс” деген атпен Лондон қор биржасына (LSE) шығып, әлемдік инвесторлардың назарын аударды.

2014 жылы компания үлкен өзгерістерге ұшырады. Жезқазған мен Орталық өңірдегі ескі активтер бөлініп шығып, компания ресми түрде KAZ Minerals PLC деп қайта аталды. Осылайша, ол заманауи, тиімділігі жоғары ашық кеніштерге (Ақтоғай, Бозшакөл) назар аудара бастады.

2020 жылы Олег Новачук бастаған консорциум компанияны £3 миллиардқа бағалап, оны толықтай жеке меншікке (делистинг) алды.

KAZ Minerals сияқты қаржылық мүмкіндігі шексіз дерлік компанияның келуі Семейлік клуб үшін жаңа дәуірдің басталуы болары сөзсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×