43 жастағы Қазақстандық маман Евгений Коструб "Елімайдың" бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Евгений Коструб — отандық футболдың түлегі. Кәсіби мансабында жартылай қорғаныс шебінде ойнап, Қазақстанның бірнеше белді ұжымдарында өнер көрсетті.
Жасыл алаңдағы мансабын аяқтаған соң, ол бірден бапкерлікке бет бұрды.
• 2020–2021 : "Қайрат-Жастар”
• 2021–2023 : "Қайраттың” (ассистент)
• Соңғы жылдары: Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабында қызмет етіп, еліміздің бас командасына өз үлесін қосты.
Семейлік клубтың басшылығы ұлттық құрама деңгейінде тәжірибе жинақтаған маманның келуі команданың ойын өрнегін жақсартуға және тактикалық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді деп сеніп отыр.