Өзбекстан құрамасы мен Швейцариялық "Лугано" клубының 19 жастағы қорғаушысы Бехруз Каримов Championat Asia YouTube-арнасына берген сұхбатында отбасы және мансабы туралы айтып берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Оның мәлімдеуінше, әкесі осы күнге дейін Қазақстанда қарапайым құрылысшы болып еңбек етеді.
Жас футболшы көптеген клубтардан қомақты қаржы ұсынылған келісімшарттар алғанына қарамастан, ойын тәжірибесін жинау үшін мансабына басымдық бергенін атап өтті. Ол тек екі жыл ақша тауып, кейін көлеңкеде қалып қоюды емес, болашақта жоғары деңгейге жетуді мақсат тұтады. Бұл ретте әкесінің қолдауы оған үлкен демеу болған:
"Әкем: Ақшаны емес, футболды ойла, мен жұмыс істей беремін.” деді. Ол футбол үшін ештеңе аяған емес, мені үнемі қолдап келеді.” — дейді Каримов.
Бехруз Каримов 2026 жылғы әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасының сапындағы ең жас ойыншы атанған. Командасы ірі есеппен жеңілгеніне қарамастан (Колумбия 1:3, Португалия 0:5), жас қорғаушы жеке статистикасы бойынша жақсы нәтижелер көрсеткен болатын.
Одан бөлек ол, чемпионатта әлемдік футбол тарихына да енген. Оның аты аңызға айналған Криштиану Роналдуға қарсы ойнауы әлем чемпионаттарындағы қарсыластар арасындағы ең үлкен жас айырмашылығы бойынша рекорд орнатқан. Бұл айырмашылық 22 жас 183 күнді құрады.