«Сен соқпасаң – саған соғады»

09.04.2012, 23:32
«Сен соқпасаң – саған соғады»

Араға бір апта салып, футбол жанкүйерлерінің назарына ел біріншілігінің V-ші туры да өз мәресіне жетті. Қасқелендік «Сұңқар» өз алаңында Алматылық «Қайратты» қабылдаған болатын. Төрешінің ысқырығымен-ақ «Қайраттықтар» алға ұмтылды.

Ойынның 19 минутында қонақтар бұрыштама орындады. Қаскелендіктер үшін бұл ештене болмады. Марко Джорджевич сол қапталдан айып алаңына пас асырған болатын, алайда қорғаушының бұл добын ешкім нәтижелі аяқтай алмады. Ойын барысында «Сұңқардың» ойыншыларына медқызметшілерінің көмегі керек болды. Аз уақыттан кейн бәрі орнына келіп, ойын қайта жалғасты. «Қайрат» өзінің шабуылдарын тоқтатпады. Евгений Левин қатты соққы жасаған болатын. Алайда қақпашы үшін бұл қауіпті болмады. Қонақтардың прессингі қатты байқалды, демек допты ұстау жағынан да алматылықтар алда болды.

   30 минутта  «Қайрат» қорғаушылары бастаған шабуыл голмен аяқталды, «Қайрат» сапындағы ең көп үміт күттірген Стюарт Дафф бірінші  голдың авторы атанды. Кездесудің екінші таймын күтпей, «Сұңқардың» бас жаттықтырушысы Владимир Гулямхайдаров алмасу өткізді. Луис Родригестің орнына Алексей Шапурин шықты. Қызық жәйт – Ордабасымен болған ойында да жаттықтырушы дәл осындай алмасу жасаған болатын. Жәй кездейсоқтық па, әлде солай ұйымдастырылған алмасу ма, ол бәріміз үшін жұмбақ болып қалады. «Сұңқардың» 77 нөмерлі ойыншысы Горан Цветковичтің орындауындағы жойқын соққысын қақпашы қайтара білді. Бірінші таймның соңғы минуттарында конфликтті жағдай орын алды.

Екінші тайм басталысымен «Қайраттықтар» жаңа күшпен шабуылға кірісті. Соның арқасында бұрыштама добын орындауға мүмкіндік алды. Ойын ортаға ауысып, командалар қайтадан бірін-бірі барлауға шықты. Көтерілген бұрыштама добы Рамиль Нұрмұхаметов үшін еш ауырлық туғызбады. «Сұңқар» сапында кезекті алмасу – Өскенбаев Дәулеттің орнына алаңға Асхат Мынбаев шықты. Көп ұзамай Владимир Гулямхайдаров соңғы ойыншысын шығарды. Шабуылшы Бауыржан Тұрысбектің орнына Александр Андреев шықты.

«Қайрат» сапында да өзгеріс орын алды – Владимр Яковлевтің орнына жасыл алаңға Олег Недашковский шықты. Стюарт Даффтың тағы бір керемет соққысын Андрей Пасеченко қайтарды. Қарымта шабуыл барысында «Сұңқарлықтар» бұрыштама добын соғуға мүмкіндік алды. Милош Адамович бастаған бұл стандартты соққысы Рамиль Нұрмұхаметовтің аса үлкен шеберлігіне көз жеткізді. Асхат Мынбаевтің ауттан лақтырылған добы – қақпашының дәл қолына тиді. Футбол ойынында керемет мақал бар: «сен соқпасаң – саған соғады». Сол демекші, қаскелендіктердің тырысуларына қарамай,  сәттілік толығымен «Қайраттықтарда» болды. Неманья Йованович оң қапталдан Йосип Кнежевичке қорғаушылар арасынан пас жеткізді. Йосип әдемі гол соғып, ойын тағдырын шешті. Екінші голдың авторы Йосиптің орнына «Қайрат» командасының легионері, испан жартылай қорғаушысы Альберто Эредия шықты. Кездесудің негізгі уақытына бас төреші Айдын Рахимбаев 4 минут қосты. «Сұңқарлықтар» соңғы шабуылдарына кірісті. Сондай бір шабуылдың кезінде Нұрмұхаметов сәтсіз ойнап, допты ұстай алмаған. Алайда, қорғаушылар дер кезінде жағдайды құтқара білді. Айдын Рахымбаевтің ысқырығы шалынып, «Қайраттың» жанкүйерлері бір-бірін құттықтауға кірісті. Есеп 2-0 алматылықтардың пайдасында.  

Сымбат КӨПБЕРГЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×