Сенегал құрамасының аңыз футболшысы 42 жасында өмірден озды

30.11.2020, 16:29
Футболшы 2002 жылғы әлем чемпионатында Франция қақпасына жеңіс голын соққан.
Сенегал құрамасының аңыз футболшысы 42 жасында өмірден озды

Сенегал құрамасы мен «Фулхэмнің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Папа Буба Диоп 42 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Mirror. Диоп ұзақ уақыт ауырған екен.

Диоп 2002 жылғы әлем чемпионатында Франция қақпасына жеңіс голын соғып, кеңінен танымал болған. Француздар сенегалдықтардан 0:1 есебімен жеңіліп, турнирдің топтық кезеңінен шыға алмаған. Ал Сенегал Әлем чемпионатының ширек финалына дейін жеткен. Диоп Сенегал құрамасында 63 матч өткізіп, 11 гол соққан.

Диоп футболшы ретіндегі мансабын 1996 жылы швейцариялық «Невшатель Ксамакс» командасында бастаған. Содан кейін сенегалдық футболшы «Грассхопперде» ойнады, артынша ол франциялық «Ланс» сапына ауысты. Кейін Диоп англиялық «Фулхэм», «Портсмут» және «Вест Хэм», сондай-ақ грекиялық АЕК сапында ойнады. Диоптың соңғы клубы «Бирмингем Сити» болды, ол командадан 2013 жылы кеткен.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×