Сенсациялар шеруі

26.06.2011, 20:43
Сенсациялар шеруі
25 маусымда өткен ел біріншілігінің  17-туры ерекше есте қалды. Бұл турда «Ақтөбе» өз алаңында «Таразды» қабылдады. Биыл алғаш рет Орталық стадионда ойнайтын ақтөбеліктерден жанкүйерлердің күткені иек жеңіс еді. Орталық алаңға жиналған жанкүйердің қарасы бұл матчтың атмосферасын ерекше етті. Десе де, «Ақтөбе» ойын басталысымен бірден шабуылға көшкен жоқ. Жеңіске шөлдеп жүрген «Ақтөбе» жанкүйерлерінің есінде тек бір ғана қауіпті шабуыл қалды. Бірінші таймның аяғында екі ойыншыдан оңай сытылып кеткен М.Манені тараздық қорғаушылардың бірі шалып жыққан еді. Төреші белгілеген он бір метрлік айып добына С.Смақов келді. Бірақ «Ақтөбе» капитаны «Тараз» қақпашысы Нұрмұхаметовтан айласын асыра алмады. Екінші таймда ауыз толтырып айтарлықтай қос ұжым да шабуыл жасай қоймады. Бұл матчта «Тараз» қақпасынан саңлау таба алмаған «Ақтөбе» де, ақтөбелік жанкүйерлердің де көңілі пәс. Ал Ақтөбеден бір ұпай олжалап қайтқан «Тараз» өз міндетін толық атқарды деуге негіз бар. Турдың өзге де матчтарына тоқталсақ. Өз алаңында «Астананы» қабылдаған «Восток» өз қақпасын голдан аман сақтады. Есеп - 0:0. Алматыда өткен «Қайрат» және ел чемпионы «Тобыл» арасындағы ойында да есеп ашылмады, 0-0. Қарағандылық «Шахтер» өз алаңында «Ордабасымен» тең түсіп, ұпай бөлісті. «Шахтер» сапынан Байжанов, Хижниченко көзге түссе, шымкенттіктерден Нургалиев, Евстегнеев гол соқты. Есеп – 2:2. Ал «Атырау» өз алаңында «Жетісуды» қабылдап, 1:0 есебімен басым түсті. «Мұнайшылардың» жалғыз голын соққан – Травин. Қызылордада «Ертіс» жергілікті «Қайсарға» тізе бүкті. Премьер-Лиганың аутсайдері «Қайсар» Байжановтың жалғыз голының арқасында турнир кестесінде бір саты жоғарылады. Алты ойында бар болғаны алты гол көре алған жанкүйерлердің бұл турды ұзақ уақыт естен шығармасы анық. Есет Төлеш
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×