Серб С.Крчмаревич еліміздің футболдан жастар құрамасын жаттықтыратын болды

06.05.2011, 14:59
Серб С.Крчмаревич еліміздің футболдан жастар құрамасын жаттықтыратын болды
45 жастағы Слободан Крчмаревич Қазақстанның футболдан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР Футбол федерациясы. Серб маманы УЕФА-ның PRO лицензиясына ие, яғни ол Еуропалық футбол қауымдастығына мүше елдердің құрамаларымен де, ұлттық чемпионаттардың жоғары дивизионындағы кәсіби клубтармен да жұмыс істей алады. С.Крчмаревич өз мансабында белградтық ОФК және «Партизан» клубтарын, стокгольмдық АИК, кипрлік «Аполлон» және «Анортосис», сондай-ақ грекиялық ПАОК және «Панионис» клубтарын жаттықтырған. Айта кету керек, оның тәрбиеленушілерінің қатарында - Зоран Тошич (ЦСКА, Мәскеу), Миралем Сүлеймани (Аякс, Амстердам), Гойко Качар (Гамбург) бар. Серб маманымен келісімшарт еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің соңына дейін жасалып отыр. Қазақстанның жастар құрамасы жақында жастар арасындағы 2013 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде ойнайтын болады. Сондықтан жаңа жаттықтырушының айтуынша, ол командамен жұмысқа дереу кіріспек.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×