Сербиялық футболшы Қазақстандық клуб сапында Еурокубокта ойнаудан бас тартты

03.12.2025, 21:00

"Елімайдың" Сербиялық қорғаушысы Неманья Чаласан командадан кетуге жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.

Сербиялық футболшы Қазақстандық клуб сапында Еурокубокта ойнаудан бас тартты

Өзбекстандық спорт журналисінің хабарлауынша, Чаласанның Өзбекстан Супер лигасының "Андижан” клубына ауысуы іс жүзінде келісіліп қойған.

Семейлік клубтың негізгі ойыншыларының бірі саналатын ол биыл барлық турнирлерде 28 матчқа шығып, 4 нәтижелі пас берген.

Неманьяның трансферлік құны қазір шамамен 700 мың еуро деп бағалануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×