Сербиялық қорғаушының “Қайраттағы” саяхаты тәмәмдалды

28.11.2025, 21:30

Қазақстан чемпионы "Қайрат" қысқы трансферлік кезеңде бірнеше шетелдік футболшымен қош айтыспақ. Coлардың бірі Юг Станоев деп хабарлайды Aladop.kz.

Сербиялық қорғаушының “Қайраттағы” саяхаты тәмәмдалды

26 жастағы ойыншы биыл негізгі құрамға тұрақты түрде ілікпeді. Vesti.kz сайтының жазуынша оның позициясында жергілікті футболшылар — Александр Мрынский мен Еркін Тапалов сенімді ойын көрсетіп, бәсекеде басым түсті.

Соған қарамастан, Станоев клубқа ешқандай наразылық білдірмеген. Оның "Қайратпен” келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды. Алайда Алматылық клубқа ойыншыға қатысты ұтымды ұсыныс түссе, Серб футболшысын сатуға келісуге дайын.

Биылғы маусымда Станоев барлық турнирлерді қоса есептегенде 32 матчқа қатысып, 3 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×