Серджино Дест «Барселонаға» ауысады

27.09.2020, 14:22
«Барселона» бұл ойыншы үшін таласта «Баварияны» артқа тастады.
Серджино Дест «Барселонаға» ауысады

«Аякс» қорғаушысы Серджино Дест командаластарына жақын арада клубтан кететінін айтты, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Дереккөздің хабарлауынша, америкалық ойыншы "Барселонаға" ауысуға дайындалып жатыр. Каталондықтар бұл ауысымды 29 қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отыр. "Барселона" 19 жастағы футболшыны 25 миллион еуроға алуға келіскені туралы хабарланды.

Дестке Мюнхеннің "Бавариясы" да қызыққан еді. Мюнхендік клуб ойыншымен келісімшарт талаптарын келіскені және «Аякс» клубына шамамен 25 миллион еуро төлеуге дайын екендігі туралы ақпарат та шыққан болатын.

Дест - "Аякс" академиясының түлегі, және негізгі командада 2019 жылы дебют жасады. Өткен маусымда қорғаушы 36 ойын өткізіп, 2 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Серджино АҚШ құрамасында 3 кездесу өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×