Сергеев: “Қазақстан – менің мансабымның жаңа бастауы”

09.01.2023, 21:25
«Краснодардың» бұрынғы ойыншысы Никита Сергеевпен сұхбат.
Сергеев: “Қазақстан – менің мансабымның жаңа бастауы”

Никита Сергеев “Краснодар” сапында үздік өнер көрсетті. Енді қайта жаңдаруды көздеп отыр. “Рузаевка” тумасы болған Никита Сергеев шетелде өнер көрсететін жалғыз мордовалық футболшы. Дәлірек айтсақ, ол енді Қазақстан біріншілігінде доп тебеді. Өткен аптада Мордовия ұлттық құрамасы мен “Краснодар” академиясының 24 жастағы шәкірті “Атырау” командасымен бір жылдық келісімшартқа отырды. Клуб өткен маусымды Премьер-Лигада 11-ші орынмен тұрақтаған болатын. Қазіргі уақытта, Атыраулық ұжымды 2021 жылы БАТЭ-ні Беларусь кубогының иегері және вице-чемпионына айналдырған беларусь маманы Виталий Жуковский басқарады.

- “Атырау” клубына ауысу туралы ой қайдан пайда болды?

- Маған Атырау клубының президенті Константин Дерюгин хабарласты, - деп нақтылады Никита Сергеев.

- Клуб басшысы мені өз командасының бір бөлігі ретінде көргісі келетінін ашық айтты. Мені ұсыныс қатты қызықтырды, бірақ мен құқықтық нюанстарды жақсы біле бермеймін. Сондықтан ол Атырау басшысын агентімен бірге алып келді. Тараптар келісім-шарт талаптарын талқылап, келесі күні құжаттарға қол қоюға шешім қабылдады. Осылайша, бәрі шешілді. Қазақстан футболының жоғарғы дивизионында мансабымды жалғастыратыныма өте қуаныштымын. Әуесқой клубта бірнеше ай ойнағаннан кейін мен енді кәсіби деңгейге қайта оралатын боламын.

- Қалай ойлайсыз, не себепті қазақстандық клуб сізге келісімшарт ұсынды?

- Атыраулық бапкер-сарапшылар мені бақылап жүргеніне көп болды. 2DROTS-пен бірге медиа-лигада өнер көрсеткенім де өз үлесін қосты. Әуесқойлар арасындағы бұл чемпионатта біздің қарсыластарымыздың бірі Астана қаласының SD FAMILY клубы болды. Сөйтіп, “Атыраудың” өкілдері мені сол ойында көрді. Олар менің мүмкіндіктерімді жан-жақты жіті бақылаған болатын. Менің алаңда көрсеткен футболым оларға ұнаған сияқты. Нәтижесінде келісім-шарт бойынша ұсыныс жасады. “Краснодар” сапында бірге болған Анатолий Катрич клубпен байланысуға көмектесті. Катрих менің досым. Ол “Атырау” клубында ойнайды. Толя қазақстандық клубтың басшылығына телефон нөмірімді айтты.

- Шешім қабылдар алдында, досыңызбен ақылдастыңыз ба?

- Әрине. "Атырау" президентімен сөйлескеннен кейін мен бірден Катричке телефон соқтым. Мен команда, қала, басқа да футбол және футболдан тыс жағдайлар туралы білдім. Толя жалпы Қазақстан чемпионаты туралы, нақтырақ айтсақ, “Атырау” туралы жақсы дүниелер айтты. Әңгімеден кейін менің күмәнім толығымен сейілді. Осылайша, мен қазақстандық ұжыммен бір жылдық келісімшартқа отырдым.

- Айтпақшы, Сіз келесі маусымда шетелде ойнайтын Мордовияның жалғыз тумасысыз...

- Бұл мен үшін сынақ деп айтпаймын, бірақ менің өмірімдегі жаңа кезең. Соңғы жылдары жарақатыма байланысты менің футболдағы жолым оң бола қоймады. Енді мансапты қайта бастауға мүмкіндік бар. Қазақстан чемпионатында барлық қасиеттерімді көрсетуге бар күшімді саламын. Мен өзімнің мықты екенімді дәлелдеуім керек.

- Қазақстанда қандай мәселелерге тап болуыңыз мүмкін?

– Ешқандай күрделі мәселе болмайды деп сенемін. Иә, ел басқа, ең бастысы, тіл кедергісі жоқ. Атырау қаласының басым бөлігі орыс тілінде сөйлейді. Оның үстіне мен қазіргі құрамдағы көптеген жігіттерді білемін. Мен олармен ФНЛ чемпионатындағы матчтарда бірге қарсылас болдым. Олар маған Қазақстан чемпионатының шарттарына бейімделуіме көмектеседі деп сенемін. Ең бастысы жаңа маусымға жақсы дайындалу, маусымның бірінші жартысында жақсы формада болуым тиіс. Қалғанының бәрі уақыт өте келе шешіледі. Мен Атыраудың географиялық орнымен таныстым. Қала Каспий теңізіне жақын орналасқан. Жайық өзені де сонда ағып жатыр. Ең бастысы, Атырау Ресей шекарасына жақын орналасқан. Мен үшін бұл үлкен плюс.

- Команданың ойын құрамын қалай бағалайсыз?

- Клубтың құрамы жақсы. “Атырауда” білікті футболшылар доп тебеді. Өткен маусымда команда турнирлік кестеде 11-ші орынға ие болды, бірақ олар ойын тұрғысынан көп нәрсеге лайық болды. Жәй ғана клубқа сәттілік жетіспеді. Сондықтан олар ұпай еншілей алмады. > Yermukhamed: Әйтпесе, олар маусымды жоғары орында аяқтар еді. Өйткені, команданы жетінші орыннан екі ұпай ғана ажыратты. Алдағы маусымда өткен жылғы нәтижеден асып түсуге тырысамыз. Қазір клубта өзгерістер жүріп жатыр, ойын құрамы нығаюда. Кейбір ойыншылар қоштасады, басқалары шақырылды. Біз чемпионаттағы жоғары орындар үшін күресеміз.

- Бас бапкер Виталий Жуковскиймен сөйлесіп үлгердіңіз бе?

- Әзірге мүмкіндігім болған жоқ, бірақ клуб президенті бапкер маған сенім артып отырғанын айтты. Негізі “Атырауға” ауысуым сол себепті болды. Жаңадан келгендерді шақыруға келетін болсақ, бұл жайттар жаттықтырушылар құрамымен үнемі талқыланады. Сондықтан “Атырауда” мен үшін бәрі жақсы болады деп сенемін. Маған мүмкіндік беріледі, мен оны пайдалануға тырысамын.

- Жаңа маусымға дайындықты қашан бастайсыз?

– “Атыраудың” президенті маған 15 қаңтардан бастап Түркияда оқу-жаттығу жиынын бастайтынымызды айтты. Саранск қаласынан, тікелей түрік жағалауына барамыз.

- Жазғы маусымнан тыс уақытта сіз Саранск көрермендерінің бұрынғы фавориттері Антон Коченков, Кирилл Панченко және Евгений Луценко ойнайтын Тулалық "Арсеналдан" бас тарттыңыз…

- Иә, мен Арсеналмен байланыста болдым. Бірақ, белгілі бір жағдайларға байланысты «мылтықшылармен» келісім-шарт жасалмай қалды.

- Сізде тағы қандай клубтарға ауысуға мүмкіндік болды?

– Мені СКА-Хабаровск қаласына шақырды. Бұл маусымаралық дайындықтың басында болды. Клуб жақсы деңгейде келе жатыр, бірінші лигада алға маңызды мақсаттар қойып отыр. Бірақ мен ұсыныстан бас тарттым. Не дегенімен, алыс жердеғой. Ауада тым көп уақыт өткізуге тура келеді. Сонымен қатар, қайталаймын, Қиыр Шығыс армиясының командасы бірінші шақырды. Сондықтан мен әзірге тоқтауды шештім. Менің ойымша, маусымаралық дайындық енді ғана басталды, мен әлі де жаңа клуб туралы шешім қабылдаймын. Келесі ұсыныстарды күтемін. Опциялар болды. Олар мені екінші лига мен ФНЛ-ның бірқатар клубтарына шақырды. Бірақ әртүрлі себептермен бір мәмілеге келе алмадық. Көп ұзамай трансферлік терезе жабылды. Осылайша, кәсіпқой біріншіліктерде өнер көрсете алмадым.

- Ал сіз Мәскеулік 2DROTS клубына қосылып, медиа футбол лигасында ойнауды жалғастырдыңыз ...

- Иә. Дәл солай болды. Айта кету керек, менімен бірнеше медиа лига клубтарының өкілдері хабарласты. Менің таңдауым 2DROTS-қа түсті. Бұл шешімге мүлдем өкінбеймін. Осы командада ойнай отырып, мен жақсы ойын тәжірибие жинап, медиа-лиганың чемпионы атандым. Меніңше, Мордовия тұрғындарының ішінде мұндай атаққа жалғыз мен ғана ие болған сияқтымын. Турнирдің финалында мәскеулік «Родина Медиа» командасын пенальтилер сериясында ұттық.

- Медиа лигада қызық оқиғалар көп болады дейді. Сіз бірдеңе айта аласыз ба?

-Алғашқы жаттығуым есімде. Жаттығу басталардан бір сағат бұрын далаға шықтым. Мен “Краснодарда” да солай жасайтынмын. Жаттығуға бес минут қалғанда жаңа командаластарым шығып, телефондарын суырып алып, түсіре бастайды. Мәссаған, мен қайда тап болдым деп ойладым. Қандай жындылар! Олар тамаша жігіттер екен! Мен бір команда сапында доп тепкеніме өте қуаныштымын. Ал ойын жоспарында 2DROTS екінші ресейлік дивизионның командаларынан онша кем түспейді. Тіпті көптен асып түседі.

- Сөзсіз, өйткені Ресей кубогында 2DROTS шын мәнінде FNL-2 клубтарымен тең дәрежеде өнер көрсетті. Тіпті, оларды тізе бүктірді….

- Өкінішке орай, мен бұл матчтарға қатысқан жоқпын, 2DROTS-қа кейінірек қосылдым. Ол Ресей кубогында «Чертаново» мен «Текстильщик Иваново» командаларына қарсы ойнады, мен ол уақытта әлі де кәсіпқой клубтармен келіссөздер жүргіздім.

- 2DROTS бас бапкері – ЦСКА мен ұлттық құраманың бұрынғы жартылай қорғаушысы Дмитрий Кузнецов. Белгілі маманмен жұмыс істеуден алған әсерлеріңізбен бөліссеніз?

- Бапкердің эмоциялары өте позитивті. Жоғары деңгейде ойнаған Дмитрий Викторович бізге өзінің футболда жинақтаған тәжірибесін бөлісуге тырысты. Кузнецов – білікті маман. Ашық, әзілқой, ұжыммен жиі әзілдеседі. Ұжымда әрқашан көңілді атмосфера болды. Бірақ біз жаттығу процесіне байыппен қарадық. 

аударған Дархан Қасымхан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×