Сергей Кан “Қызылжар” клубын сатып алмақ. Петропавлдық команда қаржылық тұрақтылыққа ие бола ала ма?

12.09.2025, 19:00

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың футбол клубтарын жекешелендіру қажеттігі туралы мәлімдемесінен кейін, олардың әлеуетті “иелері” жөнінде ақпарат пайда бола бастады.

Сергей Кан “Қызылжар” клубын сатып алмақ. Петропавлдық команда қаржылық тұрақтылыққа ие бола ала ма?

Белгілі Қазақстандық бизнесмен, елдің ең бай азаматтарының бірі Сергей Кан Солтүстік Қазақстандағы “Қызылжар” футбол клубының жаңа иесі болуы мүмкін деп хабарлады “Тотальный футбол KZ”.

Сергей Кан Алматыда туған және Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде білім алған. Оның капиталы әртараптандырылған бизнестің арқасында қалыптасқан: энергетика саласындағы (ЦАТЭК, ЦАЭК), кеме қатынасы, қонақүй бизнесі (Rixos Almaty) және басқа да салаларда активтері бар.

Бүгінгі күні Сергей Канның есімі спорт саласында да жиі аталып жүр. БАҚ деректеріне сүйенсек, кәсіпкер “Қызылжарды” жекешелендіруге дайындалуда. Бұл қадам Солтүстік Қазақстан командасы үшін жаңа дәуірдің бастауы болуы мүмкін. Клуб қаржылық тұрақтылыққа ие болып, чемпионатта жоғары нәтижелерге ұмтылуға мүмкіндік алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×